Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрліктің кеңейтілген алқа отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болжаммен таныстырды.
 
2021 жылы 6 млн-нан астам адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын еске салып, 2 мыңнан астам медицина қызметкері КВИ-ге қарсы вакцинация тактикасы, вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша оқытылғанын атап өтті
 
– Е-gov mobile  "Вакцинация" және "Цифрлық құжаттар" қызметіндегі вакцинация паспорты арқылы егілгендердің есебін жүргізу және иммундық жағдайды бақылау жоспарлануда. Бұл вакцинация көлемін және аурудың болжамын жоспарлауға көмектеседі. Вакцинацияның қолда бар нәтижелерін ескере отырып, осы жылдың екінші жартыжылдығына дейін эпидемиологиялық жағдайға болжам жасалды. Оптимистік және шынайы болжамға сәйкес, жаппай маска режимі, сондай-ақ әлеуметтік арақашықтық сақтау нәтижесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталады және қатаң карантиндік шектеуге вакцинация ғана балама болады. Бүкіл әлем вакцинация ғана карантинсіз қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретінін түсінді, – деді А.Цой.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин вакцинация

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір