• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:48:12
Алматы
+35°

Шымкент қаласы автобөлшектер базарының аумағында қойма өртке оранды. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 наурыз сағат 22:52-де Абай ауданы Темірлан тас жолы бойында орналасқан "Тұлпар-Шымкент" ЖШС аумағында өрт шыққан.

Автобөлшектер базарының аумағында орналасқан жалпы көлемі 600 шаршы метрлік қойманың ішінде көлемі 200 шаршы метр аумақтағы автобөлшектер мен аксесуарлар жанған. 

Өрт сағат 00:03-те оқшауланып, сағат 01:23-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнында Шымкен қалалық ТЖД-ның жеке құрамындағы 35 адамы мен бес техника жұмыс істеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір