• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:26:53
+35°

Қазақстандық "Ұлытау" тобы Лос-Анджелесте өтіп жатқан халықаралық The Djooky Music Awards байқауында бірінші орын алды. Бұл туралы топ продюсері, әнші Қыдырәлі Болман instagram парақшасында хабарлады.

"Ұлытау" тобы байқауда "Жұмыр Қылыш" күйін орындап, рок-металл санаты бойынша бірінші орын алған.

– Бүкіләлемдік жеңіс құтты болсын, қазақ елі! Мың алғыс, мың тағзым! Күмбірлеген, тасып-төгілген күйлерімізді әлемнің сахнасына шығарып, домбырамызды аламан бәйгелерге қосып, бас жүлделер бұйыртқан Аллаға сансыз мадақтар болсын! Үлкен қолдау қөрсетіп, таңғы 6:00-ге дейін "Ұлытау" тобымен бірге болған сіздерге, Қазақстан өнер жұлдыздарына, біртұтас қазақ еліне мың алғыс, мың тағзым! – деп жазды Қыдырәлі Болман instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұлытау қазақ күй

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір