• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:25:04
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау биыл 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатынын хабарлады.

"Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсыруға, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі" делінген ақпараттық хабарламада.

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі төменде ұсынылған.

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 1 сынып білім беру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір