04 Наурыз, 2021 NEWS
Фотоколлаж
ҚР жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды. Бұл туралы Парламент сенатының жалпы отырысында жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов хабарлады.
– Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинды және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті жоғарғы сот судьясының қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр.
Президент жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар судья Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді, – деді Талғат Донақов.
Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір