04 Наурыз, 2021 Спорт
Фотоколлаж/Данияр Елеусінов, Давид Аванесян
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (10-0, 6 КО) келесі қарсыласы ресейлік боксшы, Еуропа чемпионы Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болуы мүмкін, деп жазады Sports.kz.
Елеусінов шаршы алаңға сәуір, мамыр айларында оралуы ықтимал. Промоутері Эдди Хирн бұған дейін боксшыны "топ қарсыласпен" кездестіруді жоспарлап отырғанын, ол үшін артық ақша жұмсауға әзір екенін жеткізген.
Ресейлік спортшының жаттықтырушысы Карл Гривз бұл ақпаратты растамады. Бірақ терістемеді де.
Давид Аванесян 20 ақпанда Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен жекпе-жекте кездесу фавориті саналған британиялық Джош Келлиді жеңіп, сенсация жасаған.
Алайда Давид Аванесян Еуропа чемпионы атағын сәтті қорғағаннан кейін әлем чемпионы атағы үшін немесе өзіне мол қаржы әкелетін әлемнің экс-чемпионы Әмір ханмен жұдырықтасқысы келетінін айтқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір