Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, республикалық және облыстық маңызы бар 7 облыс пен 1 қалада жол жабық. Оның ішіне Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды,  Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Сонымен қатар "Қазгидромет" РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай,  Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір