• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:35:30
Алматы
+35°

Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстың полиция департаменті хабарлады. 

Оқиға 9 наурызда сағат 8:00 шамасында Алматы облысындағы Талғар-Ақбұлақ жолында болған. Қолда бар дерекке сай, жол апатынан 1980 жылы туған ер адам қайтыс болған. 

"Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі ПАЗ-3206 жүргізушісіне жол бермеген. Салдарынан екеуі соқтығысты. Оқиға болған жерде Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды, басқа қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазір қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, адам абайсызда өліміне әкеп соқтыруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір