• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:24:01
Алматы
+35°

Ақмола облысының бас санитар дәрігері А. Мусина карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулы жариялады.

"Облыстың бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін" делінген құжатта.

Аталған құжатқа сәйкес, 2020-2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында өңірдегі білім беру орындарында бірқатар карантин жеңілдіктері қарастырылған.

Облыстық бас санитар дәрігердің қаулысында:

  • оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта оқытылады;
  • 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушылар аралас форматта оқытылады;
  • бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтықтан оқытылады;
  • сыныпта 15 адамнан артық емес, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту кезінде санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдері сақталуға тиіс;
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір