• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:47:54
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір жыл бұрын пандемия басталғанын жариялауына байланысты мәлімдеме жасады.

– Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік, – деді президент.

Тоқаев елде қауіпті індеттің қатері әлі де сейілген жоғын атап өтті. Оның айтуынша, вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір