• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:27:50
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленетінін айтты.

– Бес жылдың ішінде барлық мектепте спортпен айналысуға жағдай жасалады. Сондай-ақ дене шынықтыру мұғалімдеріне секциялар мен үйірмелер өткізгені үшін қосымша ай сайын 17 мың теңге ақы төленеді, – деді Аймағамбетов.

Министр математика, тілдер және информатика пәндерін оқытуға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.

– Оқулықтардың сапасын жақсарту үшін алғаш рет үлгілік оқу бағдарламаларын сараптаудан және апробациядан өткізіп, оқулықтарды дайындау, сараптау мен басып шығарудың жаңа үлгісі енгізіледі, – деді ол.




"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір