• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:33:58
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі колледждерде оқу мерзімі қысқаратынын мәлімдеді. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады.

"Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді.

9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады.

11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады.  Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, биыл "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір