• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:51:06
Алматы
+35°

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қалада 21 наурыздан бастап локдаун енгізілетінін хабарлады.

Елорданың "қызыл" аймаққа енгенін ескере отырып, жексенбі күні, яғни 21 наурызда елордаға локдаун енгізіледі.

  • Жексенбіде СОО, СҮ, СО, жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды өткізетін объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, "Қазпошта" АҚ секілді мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады;
  • Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады;
  • Сенбі және жексенбі күндері фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың жұмысына тыйым салынады;
  • 18 наурыздан бастап тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты қысқартылады;
  • 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдардың жұмысына тыйым салынады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір