Ұлыбритания парламенті Қытайдағы мәжбүрлі еңбекке қатысы бар компаниялары анықтау керектігін көтерді.
"Британиялық кейбір фирмалар Қытайдың Шыңжаң аймағында мәжбүрлі жұмыс күшін қолдануға қатысы бар болуы мүмкін" делінген парламент депутаттарының есебінде.
Іскерлік, энергетикалық және өнеркәсіптік стратегия комитеті фирмалардың жеткізілім тізбегінде ашықтықтың жоқтығы және үкіметтегі сәтсіздіктер туралы мәлімдеді.
Шыңжаңда қазақ, ұйғыр сияқты көптеген этникалық азшылықтар тұрады.
Депутаттар тексеру сән, бөлшек сауда, бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялар саласындағы фирмаларға қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді
"Сондықтан ашық жұмыс істей алмаған компанияларға айыппұл салып, қара тізімге енгізетін кез келді" дейді ағылшын депутаттары.
Пікір қалдыру