• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:49:19
Алматы
+35°
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстан президентінің бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы жинақ жарық көргенін хабарлады.
 
Президенттің баспасөз қызметі шығарған жинақта президенттің өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының барысында, түрлі жиындарда сөйлеген сөздері, үндеулері мен мәлімдемелері, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбаттары мен әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалаларын үш кітапқа топтастырылған.
 
– Бірінші және екінші кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 пандемиясын еңсеріп, еліміздің экономикалық өсімін қайта қалпына келтіру мақсатымен қолға алған бастамалары, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттің алдында тұрған міндеттер жөніндегі тұшымды ой-пікірлері, сондай-ақ, әлемдік маңызы зор халықаралық жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылған.
 
Үшінші кітапқа мемлекет басшысының отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған. Кітапта Қазақстанның халықаралық қатынастарға қатысты ұстанымы, президенттің ел ішіндегі өзекті мәселелерге қатысты ой-толғамдары сөз болады, – дейді Берік Уәли. 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев жинақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір