• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:12:50
Алматы
+35°

Отандық бокс ардагері Борис Семенович Цхвирашвили қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

– Борис Семенович 85 жаста еді. Ол ауруынан толық айыға алмады және отбасындағы трагедия, яғни ұлының өлімі соққы болды. Ардагердің жүрегі 19 наурызда тоқтады, – деді федерация өкілдері.

Бокс ардагері елдегі көптеген турнирлерді ұйымдастырған.

"Борис Семенович Цхвирашвили – КСРО-ның және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген бапкері, бокстан Әзірбайжан КСР-нің бірнеше дүркін чемпионы, олимпиада ойындарына қатысқан халықаралық дәрежедегі төреші. Ол беделді кісі болды, сондай-ақ спортта тәжірибесі зор болды. Қазақстан бокс федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі ретінде ол елдегі көптеген турнирлерді бар күш-жігерін салып ұйымдастырды" делінген федерация хабарламасында.

Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен ұжымы Борис Цхвирашвилидің туыстары мен жақындарына, достары мен әріптестеріне көңіл айтады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір