• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:22:34
Алматы
+12°
Елордада өтіп жатқан жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында жиынға қатысушы шенеуніктердің бірі көзін жұмып отырғаны видеоға түсіп қалды.
 
Кадрдан Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев сөз алғанда оның артында отырған адамның көзі жұмулы отырғанын, ара-арасында ғана көзі ашылып, кейін қайта жұмылып кете беретінін көруге болады.
 
Артынша видеодан көзі жұмулы адамды жанындағылар түрткені, ол басын шайқағаны, артынша қолын көтеріп, керілгені көрінеді.
 
Әзірге шенеуніктің аты-жөні, жиында қалғып-мүлгіп отырды ма, әлде тыңдағанда көзін жұмып отыратын әдеті бар ма, ол жағы белгісіз.
Шенеуніктер жер комиссиясының отырсына ұйқысын қандыру үшін келген бе?
 
Шенеуніктің көзі жұмылып отырған сәтті видеоның 27 минутынан бастап көруге болады.
 
Қазақстанда жиынға қатысып отырған шенеуніктердің көзі жұмылып кететін жағдайлар бұған дейін де кездескен. Экс-депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Владислав Косарев сондай жағдайға тап болғандардың бірі.
 
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір