• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:39:30
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, премьер-министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндаған.

"Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында үкіметке "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.

– Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір