• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:57:42
Алматы
+35°
Шетелден алған қаржының есебін дұрыс тапсырмады деп айыпталған Евгений Жовтис жетекшілік ететін Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі бюроға қатысты өткен онлайн-процесті қолында чипсы бар ер адамның видеожазбасы үзді, деп жазады informburo.kz сайты.
 
Тыңдау Zoom платформасында өткен. Боро жетекшісі Алматының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік кірістер жөніндегі қалалық департаменттің әкімшілік жауапкершілік туралы шешіміне наразылық білдірме  болған.
 
Құқыққорғаушылар заң бұзушылық болмағандықтан, әкімшілік өндіріс заңсыз деп санайды.
 
Сот процесінің орта жағында кенеттен қолында чипсы бар ер адам бейнеленген видео шығып, процесті үзді. Видеодан "Қазақстан бізді бомбалаймыз деп қорқытуда" деген дауыс естіледі. Роликтің ұзақтығы 30 секунд.
 
Техникалық ақауға байланысты процесс тоқтатылып, қайтадан басталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сот процесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір