• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:14:02
Алматы
+35°

Бас прокуратура "Ақ жол" партиясы депутаттарының ҚазҰУ аумағындағы жер дауына байланысты сауалына жауап берді.

Бас прокуратура мәліметінше, 2012 жылғы 30 қаңтарда Алматы қаласы əкімдігінің қаулысымен университетке алаңы 73,26 гектар жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығы берілгені анықталған.

2017 жылғы 2 қазанда қала әкімдігінің қаулысымен жер алаңы 1,8 гектарға азайған.

"Учаскенің азайтылған бөлігінің 0,74 гектары "Omirex" ЖШС-ға, 0,56 гектар жер Алматы Су, Алматы жылу желілері, Қазпошта, Қазақтелеком секілді коммуналдық қызметтердің қарамағына, 0,52 гектар аумақ Ш.А. Мұстафаевқа өткен. Ш.А. Мұстафаевтың жер үлесі университеттің өндірістік үй-жайларын көпшілік сауда-саттықта сатып алу нəтижесінде пайда болды" делінген прокуратура жауабында.

Бас прокуратура Ш.А. Мұстафаевқа тиесілі осы үй-жайларды иеліктен шығару заңды түрде жүзеге асырылғанын, ал 0,74 гектарлық екі учаскені "Omirex" ЖШС-ға берген кезде Алматы қаласының əкімдігі жер кодексінің 48 жəне 82-баптарын бұзғанын әрі учаскені сауда-саттықсыз жəне оларға университеттің жер пайдалану құқығы тоқтатылғанға дейін бергенін мәлімдеді.

"Анықталған бұзушылықтарды құқықтық бағалау бойынша өкілеттік Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне жататынын ескере отырып, 19.03.2021 жылы Алматы қаласының прокуратурасы олардың мекенжайына тиісті тексеруді ұйымдастыру туралы хат жолдады "деп хабарлады бас прокуратура.

Бас прокуратура жауабына Бас прокурордың міндетін атқарушы  Б.Н.Асылов қол қойған. Жауап қосымшасына Бас прокурор Ғабит Нұрдәулетов 20-29 наурыз аралығында еңбек демалысында жүргені жазылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер дауы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір