• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:38:19
Алматы
+35°
Ертең, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.
 
– Бейресми саммитті президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді. Жиынға Қазақстанның тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады, – деп жазды ол.
 
Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
 
"Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларация қабылданады деп жоспарланып отыр" делінген Берік Уәлидің жазбасында.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тоқаев Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір