• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:50:27
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Covid-19-дың шығу тегі туралы баяндамасына сәйкес, коронавирус жарғанаттардан адамдарға басқа жануарлар арқылы жұғуы ықтимал.

Ассошиэйтед Пресс алған зерттеудің жобалық нұсқасы сонымен қатар "вирус Қытайдың Ухань қаласындағы зертханадан шыққан болуы екіталай" деген қорытындыға келеді. Уханьда Covid-19 алғаш рет 2019 жылдың соңында пайда болды.

Әлі де жарияланбаған есеп ДДСҰ-ның халықаралық сарапшылар мен ғалымдар тобының Уханьға қаңтардың ортасынан ақпанның ортасына дейінгі сапарына негізделген.

Зерттеудің тұжырымы бойынша, Covid-19 жарғанттардан соң белгісіз жануарға өткен, содан кейін адамдарға жұққан болуы ықтимал.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДДСҰ Covid-19

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір