• USD 426.81

  • EUR 517

  • RUB 5.91

  • CNY 66.72

15 Маусым, 02:37:34
+12°
Әлеуметтік желіде Түркістан қаласы Түркі бағы саябағындағы орнатылған ескерткіш тақталардағы жазу талқыға түсіп жатыр.
 
Қазақ ойшылдарының сөздері жазылған ескерткіш тақталар Қазақстан тұңғыш президентінің сөздерімен басталады. Оның сөздеріне бірнеше тақта арналған.
 
Назарбаев сөздерінен кейін қазақтың үш биінің, Әл-Фарабидің, Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ыбырай Алтынсариннің, Әлихан Бөкейханның, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Бауыржан Момышұлының, Ғабит Мүсіреповтың, Мұқағали Мақатаевтың сөздері жазылған тақталар кетеді.
 
Видеоны түсіріп тұрған адам бұған таңданыс білдіріп, "Назарбаевтың мұнша сөзін жазудың керегі не, қазақтың ақындары құрып қалды ма, билері жоқ па, дана халқымның сөздері қайда? Мынау енді артық қой. Ол кісіні (Н.Назарбаевты - ред.) қаралап жатқаным жоқ, тек бұл орынсыз деп ойлаймын" дейді.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір