• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:18:02
Алматы
+35°

Джеймстаун ғаламдық зерттеу және аналитика қоры Қазақстандағы Қытайға наразылық, Балқаш проблемасы туралы зерттеуін жариялаған. Қамшы тілшісі сараптаманы аударып, оқырман назарына ұсынады

Балқаш көлемі жөнінен әлемдегі он бесінші тұщы су көлі. Балқаш көлі жайлы "Арал теңізінен кейін жойылып кетуі мүмкін" деп орыс зерттеушісі Петр Бологов алты жыл бұрын ескерткен. Көлге халықтың суды тұрмысқа, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатына шамадан тыс пайдалануы қауіп төндіріп отыр. Сондай-ақ Қытай Шыңжаңнан бастау алатын Іле өзені суының 40 пайызын жауып тастағаны да көл суының аяюына әкеліп соғуда.

Ұлыбритания мен Эквадор ғалымдарының қаңтарда жарияланған зерттеулерге сәйкес, ҚХР қазір Іледен суды бұрынғыдан да көп алып жатыр, сол арқылы көл мен оның айналасындағы тіршіліктің тірі қалуы үлкен күмән тудыруда (Tesse de Boer және басқалар, "Белгісіз климат пен даму жағдайындағы Орталық Азия су ресурстарының осалдығын бағалау", ақпан 2021). Бұл қорқынышты тұжырымдар Қазақстанда кеңінен қабылданды және Қытайға наразылықтың күшеюіне ықпал етті, соның ішінде жақында 27 наурызда болған наразылық та бар. 

Балқаш көлі 1970 жылдардан бастап Кеңес Одағы кезінде ауылшаруашылығы және өнеркәсіптің ұлғаюына, оған қоса сол су айдынына құятын өзендердің айналасындағы халықтың көбеюіне байланысты кішірейе  бастады. Қытайдың солтүстік-батысынан басталатын Іле өзенінің суын бұру көлдің азаюына себеп болды. Осыдан жиырма жыл бұрын Қытай мен Қазақстан үкіметтері суды бөлісу туралы келісімге келуге тырысқан. Бірақ Қытай Қазақстанға деген жақсы қарым-қатынасты сақтаудан гөрі ішкі суға деген қажеттілікті маңызды деп шешті.

Шынында да, Бейжің Шыңжаң аймағына көбірек этникалық қытайларды тарту, осылайша жергілікті мұсылман халықтарының мүмкіндігін азайту әрекеті аясында экономикалық тұрғыдан дамып келе жатқан Шыңжаң бағдарламасын (өзінің табиғаты бойынша суды көп қажет ететін) бастады. Бұл бағдарлама мұсылмандардың концлагерьлерге қамалуымен де танымал болды. АҚШ үкіметі, құқық қорғаушы ұйымдар және Орталық Азиядағы көптеген адамдар Бейжіңнің бұл ісін қатаң түрде айыптады. Қытайдың мұндай саясаты Қазақстан азаматтары арасында да ашу тудырды. Қытайдағы болып жатқан оқиғаларға екі айға жуық күн сайын наразылық болды.

Өткен демалыс күндері Қазақстандағы болған митингтер Балқаш көлінің тағдырынан да көп мәселелерді көтерді. Бұл Қазақстан жерін Бейжіңнің сатып алуын Нұр-Сұлтанның шектей алмауының салдары еді. Қытайдың болашақтағы жоспарлары туралы қорқыныш Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарындағы "Қазақстан Қытайдың бір бөлігі болуға оралғысы келеді" деген мақалалардан туындады. Бұндай сарындағы мақалалар өткен жылы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық наразылығын тудырды. Сонымен қатар, Қытай аумағында да, Қазақстанның ішінде де қытайлық өнеркәсіптің дамуы жергілікті ортаны ластайды және Балқаш көлі мәселесі де (ластану проблемасының) маңызды бөлігі. Егер көл жойылып кетсе немесе оның суы енді адам тұтына алмайтындай дәрежеде ластанса, онда Қазақстан халқының үштен бірі немесе одан көп бөлігі зардап шегеді.

Экология жөніндегі маман Тессе де Бур бастаған Ұлыбритания-Эквадор командасының тұжырымдары Балқаш көлінің тағдыры "неге Қазақстанда мазасыздық туғызып отырғанын" және "неге қазақстандықтар Қытай кінәлі деп назар аударып отырғанын" түсіндірді. Зерттеушілер өздерінің зерттеулерін Іле өзенінің Қытай территориясындағы жоғарғы ағысындағы Бейжіңнің іс-әрекеттеріне, көлдің алғашқы ағынды су көзіне аударады. Бейжің осыған байланысты өзінің әрекеттері туралы ақпаратты шектейді, бұл қазақстандықтар мен басқаларды Іле өзенінің Қытай аумағындағы жағдайы қазіргі болжамдан да нашар болуы мүмкін деген қорытындыға әкеледі (EurasiaNet, 17 наурыз).

Де Бур және оның серіктестері Іле өзенінің аңғары Шыңжаңдағы ауылшаруашылығының қарқынды дамуына мүмкіндік беретін жеткілікті суы бар бірнеше өзеннің бірі екенін атап көрсетті. Бұл Бейжіңнің Шыңжаң аймағына этникалық қытайларды тартуға деген ең жақсы үмітін аңғартады. Демографиялық мақсатқа жету үшін қытайлықтар Іледен суды көбірек шығарып, оның төменгі ағынын азайтып, Балқаш көліне қауіп төндіруге мәжбүр болды.

Нәтижесінде, Шыңжаңдағы мұсылман қауымының (оның құрамына этникалық қазақтар кіреді) және Қазақстандағы Балқаш көлі мен оның айналасындағы популяцияның өмірі туралы мәселе бір-біріне байланысып жатыр. Әрбір өзара байланысты факторға деген наразылық Бейжіңге деген ашу-ызаны күшейтеді.

Осы тақырыптағы наразылықтар бұл Қазақстандағы саяси проблемаға ғана емес, сонымен бірге Нұр-Сұлтанның Бейжіңмен қарым-қатынасындағы проблемаға айналады деп болжануда.

Өз кезегінде, Қытай жоспарларына күмәндану және Бейжіңнің қазақтар мен Орталық Азияның басқа халықтарына алаңдамауы өзінің "Бір белдеу, бір жол" бастамасын кеңейтуге деген үміті үшін үлкен кедергі болуы мүмкін. Бұл бір түйінді білдіреді: Егер осылай жалғаса берсе, Балқаш көлінің жақындаған "өлімі" әлемге Арал қасіретінен де үлкен әсер етуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір