• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:18:53
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес IV тоқсанда мектеп оқушыларын оқыту форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

"Жасыл" және "сары" аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық оқушы аралас оқыту форматына көшеді. "Қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде 1-5 сыныптар, 9, 11 (12) сыныптар үшін, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сыныптары үшін оқытудың аралас форматы сақталады, ал 6, 7, 8, 10 сыныптар қашықтан оқытылады.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының білім басқармалары оқушыларың қалай оқитынын мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаеваның мәлімдеуінше, карантин шараларының қатаңдауына байланысты қаланың барлық мектебі (мектеп бітіруші сыныптарды қоспағанда (9, 11 (12) сыныптар) меншік нысанына қарамастан қашықтан оқитын болады. Ал, мектеп бітіруші сыныптар үшін оқыту аралас форматта (пәндердің 70% – дәстүрлі форматта, 30% – қашықтан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша ұйымдастырылады.

Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1 сәуірден бастап оқушылар қашықтан оқуды жалғастыратынын және ата-аналар мен заңды тұлғалардың өтініштері негізінде оқушылар саны 15 баладан аспай 1-5, 9 және 11 сыныптарда кезекші сыныптардың жұмысы жалғастырылатынын хабарлады. Сонымен қатар қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-4 курс студенттері қашықтан оқуды жалғастырып жатыр. 

IV тоқсанда Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылуда. Колледждердің 1 курс студенттері екінші семестрде штаттық режимде оқытылады. Білім беру процесінің барлық қатысушылары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева хабарлады.

Ақмола облысы қазіргі кезде "жасыл" аймақта. Алайда, облыстың Бас санитар дәрігерінің қаулысы болмағандықтан, 4 тоқсандағы оқу бұрынғы форматта басталады. Оқытудың дәстүрлі түріне оралу эпидемиологиялық жағдай тұрақталған кезде мүмкін болады. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың білімдегі олқылықтарын толтыру үшін 10 мың оқушыға арналған 2137 жеке консультативтік топтың жұмысы ұйымдастырылды. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов хабарлады.

Түркістан облысындағы мектептер IV тоқсанда оқытудың аралас форматына көшеді. Яғни, өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда пәндердің бір бөлігі дәстүрлі түрде, бір бөлігі қашықтан оқытылады. Ал, 300 оқушыға дейінгі контингенті бар мектептер оқу үрдісін дәстүрлі түрде жалғастырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның хабарлауынша, 379 мемлекеттік мектеп болса, олардың 279-ы штаттық және 100 аралас форматта жұмыс жасайды. Жалпы мемлекеттік мектептердегі оқушылар контингенті 110 мыңнан астам болса, олардың 25,4%-ы (28 мыңнан астам оқушы) штаттық режимде, ал 74,6%-ы (82 мыңнан астам оқушы) қашықтан оқытылып жатыр. 

Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан мәлімдеуінше, 4-тоқсанда контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық 246 мектеп дәстүрлі форматта жұмыс істейді. 170 мектепте 135 782 оқушыға қашықтан білім беріледі. Жаңа қаулыға сәйкес 9, 11 (12) сынып оқушылары балалар санын 25-тен асырмай аралас форматта оқытылатын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір