02 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: primeminister.kz
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев қызметінен кетті. Енді ол премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Премьер-министрдің өкімімен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады" делінген хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір