• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:57:15
Алматы
+35°

"Мен капиталистпін. Мен сіздерге капитализмнің лас құпияларын айтып берейін" дейді миллиардер Ник Ханауэр. 

"30 жылдық нарықтық ортада миллиардтаған долларлық байлылыққа жеттім. Осы уақыт аралығында мен ең бай 1% адамдардың қатарына ғана емес, ең дәулетті 0.1 % адамдар қатарына кірдім. Мен сіздерге капитализмнің лас құпияларын айтып берейін.

Біз байыған соң, тағы да байлықты көбейтуді ойлаймыз. Біз миллиардерлер әр жылы "нарықтық үлесті қалай көтерсек" деп жанталасамыз.

30 жыл бұрын байлар ақылды болды ма? Олар көбірек жұмыс істеді ме? Биігірек болды ма, әлде әдемі болды ма?  Жоқ. Оның себебі, тек экономика. Енді мұнда оның лас құпиялары бар.

Қазіргі неоэкономикалық теориялар тек үлкен корпорациялар үшін жасалған және соларға жұмыс істейді. Сол проблема тудырады.

Негізінде мынадай таңдау жасай алатын едік: экономикалық саясаттарды жасауға болады, байларға салынатын салықты көтеруге болады, ірі корпорацияларды реттеуге болады. Жұмысшылардың жалақысын көтеруге болады. Оны бұрын істедік.

Алайда, осы кезде неолиберал экономистер "бұл өте үлкен қателік" деп айқайлап шыға келеді. Олар "салықты көтеру экономикалық өсімді құртады, сосын жұмыс орнындары азайып кетеді, үкіметтік реттеу тиімсіз" деген сияқты уәждер айтады.

Осындай ойлаудың нәтижесінде соңғы 30 жылда тек Американың өзінде 1% байлар 21 триллион долларға байыды. Ал 50% адам 900 триллион доллар кедейлесті. Ал, бұл жағдай бүкіл дүниеде қайталанып жатыр" дейді Ник Ханауэр.

Миллиардердің пікірінше, теңсіздіктің күшеюі және саяси тұрақсыздықтың артуы ондаған жылдар бойғы бұрыс экономикалық теорияның тікелей нәтижесі. Ол дәстүрлі түсінік бойынша капитализмдегі "ашкөздік алға жетелейді" деген мантраны бұзады. Ол идеяны моральдық тұрғыдан азғындық қана емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан қате деп сипаттайды және өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа негізделген жаңа экономикалық теорияны дұрыс деп санайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір