• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:49:02
Алматы
+35°

Алматы метрополитенінің барлық бекеттерінде тегін Wi-fi іске қосылды. Байланыс метроға кіре-берісте, бекетке түскенге дейін жасалуы керек. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

– WI-FI-ға қолжеткізу үшін METRO желісіне қосылу қажет. WI-FI пайдаланушыны сәйкестендіру парағына автоматты түрде бағыттайды. Одан кейін сіз ашылатын өріске телефон нөміріңізді енгізіп, байланысты растауыңыз керек. Қала метрополитенінде ақысыз Wi-Fi-ға қолжетімдік біздің жолаушылар үшін жақсы сыйлық болды, – деп жазады "Метрополитен" КМК-нің баспасөз қызметінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір