• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:45:18
Алматы
+35°

Фото: "Таңбалы" қорық-музейінің баспасөз қызметі

Таңбалытас - бұл Алматы облысы территориясындағы буддизмнің толық суреттелген және эпиграфиялық тұрғыдағы ескерткіші. Ескерткіш Қапшағай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, Іле өзеннің оң жағалауында орналасқан. Қазақстанда буддистік мазмұндағы тибет және ойрат тілдеріндегі жазулардың едәуір саны белгілі. Буддисттік бейнелер Қырғызстанда да танымал. Бұл аймақта бірнеше ғибадатханалардың қирандылары тіркелген. Будда дінінің тибет – моңғолдар арасындағы инфрақұрылымның болуы, оның әртүрлілігін, Ренатаның Ю.Г. жоңғар  картасындағы мәліметтер бойынша белгілі. Ал соңғылары жоңғарлар тұтқынында болған деген негіз бар (1716-1733).

Таңбалытаста тұрақты ғимараттардың қирандылары әлі белгісіз. Бұл жер 1677-1771 жылдар аралығында Ойраттардың ашық аспан астындағы ғибадатханасы болған. Барлығы аударылып ғылыми айналымға түскен елу жазба, буддалардың төрт бейнесі және бесіншісі - боддисаттылар (барлығы сәтті түсіндірілген) осы кешеннің керемет бірегейлігін құрайды. Бұндағы жазулардың бірі (ең көлемді: 11 тік сызық) соңғы жылдары И.В. Ерофееваның басқаруымен жасалған жан-жақты зерттеулері барысында аударылды. Бұл Ойраттықтардың жазған хаты. Хатта 1771 жылғы оқиғалар туралы куәландырады. Бұл қазақтардың жоңғарларды толығымен жеңгендігін және сол ұзақ және қанды соғыстың ұмытылмас орны бола алатындығын дәлелдейді. Ламаизмнің Қазақстан территориясындағы тарихы бірнеше рет  И.В. Ерофееваның  соңғы монографиялық еңбектерінде толық жазылған.

Ескерткіштің 160 жылдан астам тарихы бар, ескерткіштегі ғылыми жұмыстардың толық тізімі көптеген парақтарды алады. Ең алғаш Таңбалытас кешенін зерттеп және буддистердің суреттері мен жазбаларын қағаз бетіне түсірген Ш. Уалиханов. Өз еңбегінде 1856 жылы Таңбалыяр деп атап көрсеткен. Шығыстанушы А.М.Позднев Н.Н. Пантусовтың фотосуреттері бойынша жазуларды аударып, тастарда бейнеленген буддисттік құдайларды анықтап, егжей-тегжейлі түсініктеме берді.

Таңбалытас зерттеушілерінің барлығы табиғи түрде үлкен тау жартасында әсем гүлденген құм үйінділерінен пайда болған төбешікте отырған үш бейнеге назар аударды. Құдайлар бейнесі бар бұл тастар, туристер үшін ең тартымды орын және киелі мекеннің орталық бөлігі болып табылады. Тастың ортасында үлкендігі 3.46 x 3.79 метр болатын құм үйінділерінен пайда болған төбешіктермен, сол және оң жағында құдайлардың кішігірім бейнелері қашалған.  А.М. Поздневтің анықтамасы бойынша тас ортасындағы керемет бурхан, моңғолдар мен жоңғарлар арасында зор ықыласқа ие Ариясы болып есептеледі. (Ария) -бало (тиб. Chjan-ra-sik, Chenraisi) - Avalotikesvara деп аталады.

Авалокитешвараның оң жағында кішігірім өлшемде (1,42 х 1,44 м) сол қолымен тостаған ұсынған ыдысы бар Будда Шакьямуни. Олардың төменгі жағында «Мен Будда Шакьямуниге табынамын» - деген тибет тіліндегі жазу. Чжан-рай-сиканың сол жағында өлшемі 1,79 х 1,46 м болатын Манла Будда (Шипалы Будда) қашалып салынған. Сол қолында құлыпталған патра, ал төменге түсірілген оң жақ қолында барлық ауруларды емдейтін жеміс бар (алтын миробалан). Манла бейнесінің астында тибеттік «Мен Будда Манлаға  табынамын» - деген жазу бар.

Төртінші жалғыз бурхан (1,28 х 1 м) басында жеті жылан бейнесімен тасқа қашалған (жазусыз), үш құдай суреті салынған орталықтан батысқа қарай 15 м жерде орналасқан. Тағы бір жалғыз бурхан (бесінші) әсем гүлдің үстінде отырған (өлшемі 1,27х1,4 м) қасиетті орынның орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 26,5 м жерде орналасқан. Тибеттік ламаизмде оны Митюкба («бейімделмеген») деп атайды. Тағы бір таста он бір жолды ойрат тілінде жазу және бір таста Тибетше: «Мен Чой-хи-Жалцанға тағзым етемін» - нағыз тарихи тұлға деп қашалған. Бұл жазба ескерткіштің жазылу кезеңін анықтау үшін өте маңызды, себебі ұзақ уақыт бойы оны зерттеу ең қиын мәселе болып келген.

Іле өзені - Жетісудың ең үлкен өзені, ол жүздеген және мыңдаған туристерді, соның ішінде туған жерінің тарихын білдіруге, демалушыларды және т.б. қызықтыратын орын. Қарама-қарсы жағалауда «Көшпенділер» фильмін түсіру үшін салынған ортағасырлық толық көлемді салынған сарайшық туристтерді тартатын орталыққа айналып үлгерді. Бұл сарайшықты қалпына келтіріп, сақтауға және қорғауға қарапайым басқаруды жүзеге асыра отырып жағалауларды бір – біріне байланыстырса туристер саны артар еді. Өзеннің оң жағалауындағы будда суреттерінен жоғарыда будда жазулары мен қазақ халқының рулары мен тайпаларының көптеген таңбалары бейнеленген тағы бір тас бар. Мұндай «коллекцияға» арналған орын өзен жағалауының көркем ландшафты негізінде таңдалған. Өзен әр уақытта тайпалар арасындағы табиғи шекара қызметін атқарған, сонымен қатар Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы кезінде де болған. Өзен бойымен серуендеу немесе мәдени және тарихи ескерткіштерді аралауға арналған жол арқылы шатқалдың биік жеріне шығып, туристер өзен арнасы мен алқабының бірнеше километрін бақылай алады. Іле өзенінің орта ағысының керемет көрінісі Қазақстанның ең жақсы ландшафттарының бірі деп санауға болады.

Толық ағып жатқан және қарқынды Іле өзені, әрине, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан жолдарға айтарлықтай кедергі болды. Ш. Уәлиханов 1856 жылы: «Көктемгі су тасқыны, ол наурыз айынан ерте болмайды; күзде ол азаяды, қыркүйек пен қазан айларында малға ыңғайлы шөптер пайда болады, сол себепті өткелдер белгілі: Оғыз-Өткел, Шелек пен Түрген сағалары арасында; Есік пен Талғар арасындағы Қыз-өткел, немесе Қызкелді, өзеннің оң жағындағы өзеннен төмен орналасқан. Жыңғылды және Таңбалы-өткел, Таңбалы-тас шатқалында. Соңғысы арқылы Ташкент, Құлжа мен Семейге керуен жолы бар және ол Жанайжол (Джанаевский жолы) деп аталады.

Осылайша, Таңбалытас киелі кешені - XVII бірінші жартысы – XVIII ғасырдағы Жоңғарлардың тұсында Жетісудағы ламаизмнің таралуы мен өмір сүруіне жататын табиғи ескерткіш және тарихи мекендердің бірі болып табылады.

1981 жылдың ақпан айында Таңбалытас жергілікті маңызы бар ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынды. 2000 жылдары «Қазқайтажаңғырту» РМК мекемесі арқылы ескерткіштің орталық бөлігінде мұражайландыру және ескерткіштің ашылу жобасы жүзеге асырды.

 

«Таңбалы» қорық-музейінің  ғылыми-зерттеу  бөлімі басшысы 

Нурмаксутов К.М

«Таңбалы» қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері

 Мукашев Ж.Б

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір