"Қазақстан Республикасы президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және Қазақстан Республикасы президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін" делінген ресми сайт таратқан хабарламада.
Президент үкiметке белгiленген тәртiппен осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдауды тапсырды және осы жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледі.
Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ережеге сәйкес, арнаулы өкіл мемлекеттік саяси қызметшi болып саналады. Арнаулы өкілді президент әкiмшiлiгi басшысының ұсынуымен президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ол президентке есеп бередi.
Пікір қалдыру
пікір