• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:49:51
Алматы
+12°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың тойда жүргені көрсетілген видеоға байланысты пікір білдірді.

Бекшиннің айтуынша, видеодағы қызметкер оның баспасөз хатшысы емес, мемлекеттік қызметкер де емес. Ол мәтінге аударма жасайтын маман ғана.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин тойда жүргені бейнеленген видео осыдан екі жыл бұрын түсірілгенін хабарлады.

– Орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Бұл қызметкер 2020 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді және баспасөз хатшысы емес. Тек мәтіндерге аударма жасайды. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Менің хатшым 25 наурызда денсаулығына байланысты жұмыстан кеткен. Қазір орнында Мұхамедияров отыр. Видео екі жыл бұрын, пандемияға дейін түсірілген, – деді Бекшин.

Видеодан тойханада үйлену тойының өтіп жатқанын және ондағы қонақтардың түрлі ойын ойнап, көңіл көтеріп жүргенін көруге болады.

Бекшиннің сөзіне күдіктеніп, "видеоға мәтін жазу функциясы 2020 жылдың соңында ғана пайда болғанын айтқан желі қолданушылардың пікіріне қаланың бас санитары "мұны тәжірибелі тергеуші анықтауы керек" деп қысқа қайырды .

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір