• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:10:15
Алматы
+12°

Бүгінде адамзат ғылымның жоғары деңгейде дамуының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізгеніне қарамастан, қазірге дейін ашылмаған дүниенің тылсым сырлары жетерлік.

Нью-Мексика университетінің зерттеушісі адам миы тынышталғанда белгісіз толқындар пайда болатынын байқаған. Оны "адам миынан тыс ғарыштан, әлемнен келген белгісіз сигнал болуы мүмкін" дейді кейбір зерттеушілер. Егер солай болса, генийлер мен таланттарға түсінде келген формула, ғылыми жетістіктер, күрделі шешімдер басқа әлемнен келген бе? Сіз қалай ойлайсыз? Төменде ғалымдардың түсі арқылы қалай ғылыми күрделі проблемаларды шешкен тылсым оқиғалары қысқаша берілді: 

Өткен ғасырдың басында үндінің тылсым математигі өмір сүрді. Аты Шриниваса Рамануджан. Ол туралы фильм де түсірілген. Ол математикадан ресми білім алмаған, бірақ математика тарихындағы ең күрделі формуланы жасаған. Оның еңбектері академиялық мамандарды таңғалдырған, тіпті сол кездегі Кембридж университетінің ең мықты мамандары таңданысын жасыра алмаған. Ең қызығы, теоремалар Рамануджанның түсіне кіру арқылы дүниеге келген. Ол "үнді құдайы маған түсімде осы теореманы жіберді" дейді.

Ал ол ойлап тапқан формула қазіргі физикадағы Альберт Эйнштейннің салыстырмалық теориясы үшін және кванттық физика үшін қолданылатын ең жоғары деңгейдегі формула.

Ендеше, ешқандай математикалық білімі жоқ адам сондай академиялық жетістікті қалай түсінде көре алады?

Атақты физик Альберт Эйнштейн де салыстырмалық теорияны түсінде көргенін айтқан.

Орыс химигі Дмитири Менделеев "Мен түсімде барлық элементтер өз орнына түскен кестені көрдім. Оянған кезде мен оны бірден қағазға түсірдім" деген.

Әйгілі химик Август Кекуле бензол молекуласының құрылысын ұзақ уақыт таба алмай, түсінде көріп шешкен.

 

Шриниваса Раманужан математиканы ресми оқымаған. Ол 32 жасында қайтыс болды. Ол қысқа өмірінде таза математикада 4000-ға жуық дәлел, сәйкестілік, болжам мен теңдеу жасады.

Оның эллиптикалық функциялар және сандар теориясы сияқты салалардағы идеялары мен болжамдарының барлығы дерлік дұрыс болған. Ол өз заманынан озып, математиктердің бүгінгі күнгі зерттеулерін шабыттандырды және бағыттады.

Раманужанмен бірге жұмыс істеген Кембридж университетінің математигі Годфри Х.Харди математиктерді 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша таза талант негізінде бағалағанда, ол өзін 25-ке, Джей Литлвуд 30, Дэвид Хильберт 80, ал Шриниваса Раманужан 100 балға лайық деген.

Рамануджан үнді құдайы Намагиридің түсінде пайда болатынын, оған математикалық дәлелдерді көрсетіп, оны оянған кезде жазып алатынын айтқан. 

Бензол молекуласы құрылымының ашылуы жайында 

Август Кекуле бензолдағы атомдардың қалай орналасатыны туралы ойланды.

Бұл өте қиын мәселе болды, өйткені көміртек пен сутек атомдарының арақатынасы басқа көмірсутектер қосылыстарында кездеспеді.

1865 жылғы бір суық түн ол өз бөлмесінде сол проблеманы шешпек болды.

Шешімді таба алмаған ол орындығымен отқа қарай бұрылып, ұйықтап қалды.

Сол кезде ол түс көрді. Түсінде атомдар билей бастады. Біртіндеп атомдар жылан тәрізді бейнеге енді. Содан кейін жылан айналып, өз құйрығын тістеді.

Кекуле оянған кезде, түсінің оған не айтып тұрғанын түсінді.

Сөйтіп Бензол молекулалары көміртек атомдарының сақиналық құрылысын тапты.

Біздің ми жүйке сигналдарды химиялық жолмен беретіндігінің дәлелін де ғалым Отто Леви түсі арқылы тапқан және сол үшін Нобель сыйлығын алған.

1903 жылы Отто Леви жүйке сигналдары химиялық нұсқаулар арқылы беріледі деген ойға келді. Ол өзінің жаңа идеясын қалай дәлелдей алатынын біле алмады.

1920 жылы Леви проблема туралы түс көрді. Түнде ол толқып оянып, түсіндегі көргеніне таң қалды және тез-тез шимай етіп жаза салды.

Таңертең ол түсін есіне түсіре алмады, түнгі жазбаларын да оқи алмады!

Келесі түні ол проблема туралы тағы да түс көрді. Ал көрген түсі өзінің идеясын дәлелдеу үшін қолдана алатын эксперимент туралы болды және бұл жолы ол оны есіне ала алды.

Ол өзінің түсіне негізделген зерттеулер жүргізіп, 1921 жылы еңбегін жарыққа шығарды, синапстар арқылы сигнал беру ол күткендей шынымен де химиялық екенін анықтады.

Неврология ғылымының атасы деп аталатын адамның бойында бейсаналық ойлардың пайда болуы үшін 17 жыл қажет болды. Иә, 17 жыл бойы зерттеп, таппаған шешімді бір түнгі түсінде тапты.

1936 жылы ғалымның түсінде шешімі табылған жұмысы үшін медицина бойынша Нобель сыйлығы берілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаратылыс Түс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір