• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:49:39
Алматы
+35°

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәжілісте депутаттардың қазақша қойған сұрағына жауап бере алмағаны бейнеленген видео тарап жатыр.

Видеодан Болат Дембаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінде істі болып, жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі бойынша сөйлеп жатқанын аңғаруға болады. Алайда оның кібіртіктеп, екі сөздің басын құрай алмай айтқан жауабынан бірнәрсені ұғу қиын.

Қазақстан конституциясында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің дерегінше, Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 90 пайызға жеткен. Алайда қазақ тілінің мәселесі Қазақстан қоғамында әлі де өзекті тақырыптардың бірі.

Қазақстанның экс-президенті Н.Назарбаев та, қазіргі президент Қ.Тоқаев та қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту таралы жиі қозғап, "Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының міндеті", "Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін", "Қазақстанның болашағы қазақ тілінде" деген секілді сөздерді жиі айтады. Ал мәжіліс депутаты Қазыбек Иса соттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және барлық мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілін білуге міндеттеу керек деп санайды.

Ол "суға түспей жүзуді үйрену қандай мүмкін болмаса, мемлекеттік тілді міндеттемей оны үйрену де сондай мүмкін емес" деп, жуырда үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған.

Оқи отырыңыз:

♦ "Кет, қазақша сөйлеме". Елордада қазақша қызмет етуді сұраған қарияны күзетші итеріп жіберген (видео)

♦ Қазақтар қашан қазақша сөйлейді?

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір