• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:52:19
Алматы
+35°

Қытайдың соғыс ұшақтарын тасымалдайтын әскери кемесі бастаған топ Окинава мен Мияко аралдарын басып өтіп, Тынық мұхитына бет алған. Жапония топты бақылап отырғанын мәлімдеді.

Reuters Қытайдың "Ляонин" деп аталатын соғыс ұшақтарын тасымалдайтын кеме бастаған әскери топ Окинава мен Мияко аралы арасынан өтіп, Тынық мұхитына бет алғанын хабарлады. 

Жапония қытайлық топты байқап қалғаннан кейін қытай флотының тобы туралы ақпарат жинау үшін бір жойғыш, бір патрульдік ұшақ жөнелткен.

Соңғы кездері қытайлық әскерилердің шетелдік кемелерге оқ атуына мүмкіндік беретін Бейжіңнің жағалауды қорғау туралы жаңа заңы Токиомен шиеленісті күшейтті. 

Өткен жылдың сәуірінен бері аталған су жолымен Бейжің күштері алғаш рет өтіп отыр. Бұл АҚШ-тың аймақтағы одақтастарымен өткізген әскери жаттығуларынан, оның ішінде өткен аптада Шығыс Тынық мұхиты аймағында Австралияның әскери-теңіз күштерімен екі күндік бірлескен жаттығуынан және жексенбі күні таңертең Оңтүстік Қытай теңізіне кіретін америкалық Теодор Рузвельт әуе кемесімен бірлескен жаттығудан кейін тіркеліп отырған жайт.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жапония Қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір