PaperLab қоғамдық қоры Қазақстандағы сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі индексін (Index of Disparity in Access to Quality Secondary Education IDAQSE) жариялады. Орталық Азия елдері үшін индексті қор басшылығымен зерттеушілердің трансшекара командасы әзірлеген.

Индексті жасауда мемлекеттер тікелей әсер ете алатын бірқатар ресми өлшенетін көрсеткіш басшылыққа алынған. Қазақстанға арналған көрсеткіштер үш топқа бөлінген, олар: "оқыту жағдайы", "білім беру акторлары", "АКТ-ға қол жеткізу".

Маңғыстау облысы сапалы орта білімге қол жеткізу теңсіздігі индексі бойынша рейтингіде соңғы орында. Өңір білім беру кадрлары сапасын бағалау критериі бойынша республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірін көрсеткен. Сапалы білімге қол жеткізу бойынша ең қолайлы жағдай Павлодар облысында.

Қазақстандағы сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі индексі

"Оқыту жағдайы" критериіне үш көрсеткіш кіреді: үш ауысымда білім беретін мектептер үлесі; апатты жағдайдағы мектептер үлесі; дәретханасы сыртта орналасқан мектептер үлесі. Тізімдегі көрсеткіштер бойынша ең нашар жағдай Алматы облысында. Ал Павлодар облысында сапалы білім алу үшін ең жақсы жағдай жасалған.

"Білім беру акторлары" критериіне төрт көрсеткіш кіреді: жоғары білімі бар мұғалімдер үлесі; жоғары білімі бір мұғалімге шаққандағы оқушылар саны; мұғалімнің орташа жалақысының аймақтағы орташа жалақыға қатынасы; оқуын жалғастырған 11-класс түлектері үлесі. Бұл көрсеткіш тобындағы басты аутсайдер астана, көшбасшы Түркістан облысы болды.

"АКТ-ға қол жеткізу" критериі төрт көрсеткіштен тұрады: интернетке кіре алатын мектептер үлесі; бір мектеп компьютеріне келетін оқушылар саны; интернет қызметі бағасы мен аймақтағы орташа жалақының арақатынасы; ең арзан ноутбуктың аймақтағы орташа жалақыға қатынасы. АКТ-ға қол жеткізудің ең жоғары көрсеткішін Атырау облысы көрсетті, ал ең төменгі көрсеткішті Шымкент көрсетті. 

Аймақтар

Білім беру жағдайы

Білім беру акторлары

АКТ-ға қол жеткізу

Үш критерий қорытындысы

Ақмола облысы

94,7

69,7

89,3

84,6

Ақтөбе облысы

80,5

63,9

90,3

78,2

Алматы облысы

71,1

73,9

88,0

77,7

Алматы

98,8

42,5

85,5

75,6

Атырау облысы

77,5

50,1

96,4

74,7

ШҚО

85,0

65,4

91,4

80,6

БҚО

73,3

57,8

90,4

73,8

Жамбыл облысы

76,8

78,1

87,8

80,9

Қарағанды облысы

88,6

57,0

91,9

79,2

Қостанай облысы

95,4

68,3

89,7

84,4

Қызылорда облысы

81,7

79,3

88,5

83,1

Маңғыстау облысы

72,6

41,9

91,8

68,8

Нұр-Сұлтан

86,5

37,0

85,7

69,8

Павлодар облысы

99,8

71,3

92,3

87,8

СҚО

94,0

75,2

90,3

86,5

Түркістан облысы

75,9

82,8

85,2

81,3

Шымкент

73,0

69,6

76,7

73,1

Қазақстан

83,6

62,5

91,3

79,1

Барлық позиция бойынша ең жоғары ұпай – 100 ұпай

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір