• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:01:03
Алматы
+35°

2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін орта есеппен 437,2 мың көпбалалы отбасы 69,2 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төлемін алған. 2021 жылғы наурызда бұл жәрдемақыны 444,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,6 млрд теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

"2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46 760 теңгеден (4 бала) 81 852 теңгеге (7 бала) дейін сараланды, 8 балаға – 93 344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге" делінген хабарламада.

Еске салсақ, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жәрдемақы 2021

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір