• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:01:20
Алматы
+35°

Ғалымдар COVID-19 пандемиясы психиатриялық және ми бұзылыстарының өршуіне әкелуі мүмкін деп ескертеді.

Мамандардың зерттеуіне сайкес, 230 мыңнан астам науқастың үштен біріне вирус жұқтырғаннан кейін неврологиялық немесе психикалық мәселелер диагнозы қойылған.

COVID-19-да кездесетін ең көп таралған жағдайлар депрессия мен мазасыздық болды. Зерттеу нәтижелері бойынша, деменция мен инсульт сияқты мәселелер сирек болғанымен, ол проблемалар маңызды болып қала берді.

Сауалнамаға қатысқан 236 мың адамның 34% -ында COVID-19-дан кейін алты ай ішінде жүйке немесе психиатриялық бұзылу болғаны байқалды. Олардың 13% -ы диагнозды алғаш рет білген.

COVID-19 ауруханасына түскендер үшін бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болған.

Зерттеу нәтижелері сейсенбіде "The Lancet Psychiatry" ғылми журналында жарияланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Covid-19 Зерттеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір