• USD 425.13

  • EUR 503.01

  • RUB 5.81

  • CNY 65.79

06 Тамыз, 06:26:12
Алматы
+19°

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталатынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

– Алла қаласа, биыл 30 күн ораза ұстаймыз. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. Осы жылғы пітір садақа мөлшері жан басына 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен бекітілді, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Бас мүфтидің айтуынша, 60-тан асқан адамдар ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алуы керек.

– Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынына анық көзіміз  жетті. Осы ретте сіздерді ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық. Алланың адамзатқа берген аманаты. Осы орайда жасы 60-тан асқан аға-апаларымды ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алуды сұраймыз. Егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтардан күрделі ахуал тұрақталғанша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз, – деді ҚМДБ төрағасы.

Сондай-ақ бас мүфти Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізілетінін атап өтті.

– Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады. Біз Рамазанда бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір кешінің, ұлық мейрам – Ораза айттың онлайн бағдарламасын дайындап қойдық. Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз қазіргі жағдайды ескеріп, өткен жылы жүзеге асырған жобамыз бойынша пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын тағы ұсынып отырмыз, – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір