• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:51:41
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпті індетті жеңіп шығу үшін вакцина егуден басқа жол жоғын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдау кезінде халықты жаппай вакциналауды жеделдету үшін біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізу керектігін, екіншіден, халыққа екпе салдырудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан.

– Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін, – деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір