• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:12:50
Алматы
+35°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының алдын алу үшін карантин шаралары туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • 15 адамнан жоғары емес кезекші топтарды қоспағанда, барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы тоқтатылады;
  • балалардың ойын-сауық орталықтары, аттракциондар, ашық ауладағы батуттар, саябақтар мен алаңдардағы велосипедтер, электр самокаттарын жалға алу, жануарларға мінуге тыйым салынады;
  • кинотеатр, театрлар жұмыс істемейді;
  • қоғамдық көліктің жұмыс уақыты 23:00-ге дейін ұзартылады;
  • 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі;
  • жерлеу рәсімдері жақын туыстардың қатысуымен 15 адамнан аспастан жүргізілуге тиіс;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын-ала жазылу бойынша бару керек. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 15:00-ге дейін істейді;
  • супермаркеттердің жұмыс кестесі 09:00-ден 22:00-ге дейін болады;
  • ашық, жабық, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар толымдылығы 30 пайыздан аспай, кіре берісте термометрия қойылып, жұмыс кестесі 10:00-ден 17:00-ге дейін істейді. Ал сенбі және жексенбі жұмыс істеуге тыйым салынады.

Осы қаулы 2021 жылғы 12 сәуір сағат 07:00-ден бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір