• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 20:56:42
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 7 сәуірде 2440 адамнан коронавирус анықталып, 19 адам қайтыс болғанын, 104 науқастан пневмония табылып, 3 адам көз жұмғанын хабарлады.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша,  29 429 науқас короновирустан, 790 науқас пневмониядан емділіп жатыр. Олардың ішінде 11 376 пациент стационарда, 18 843 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 517 адамның жағдайы ауыр, 163 пациенттің жағдайы өте ауыр, 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирустың таралуы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары "қызыл" аймақта. Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта. Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

9 сәуірдегі жағдай бойынша 254 344 адам коронавирусқа қарсы вакцина салғызған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір