• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:44:20
Алматы
+35°

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық шахмат турнирі кедергіге ұшырағанын жариялады.

"Құрметті достар, мен интернеттің тұрақсыздығына байланысты Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр екенімді қатты өкінішпен айтамын. Мен турнирге шахматтан да, техникалық жағынан да дайындалдым. Бірақ мен ойнаған 7 ойынның барлығында үнемі интернетте қиындықтар болды. Халықаралық гроссмейстер Лэй Тинджимен өткен 7-турда менде уақыт артықшылығы және  қосымша сарбаз болды, оған қоса, атпен 3-ке 2 соңғы ойын болды, бірақ тұрақсыз интернетке байланысты мен уақытты өткізіп алдым. Әр ойын барысында маған интернет туралы көбірек ойлануға тура келді. Мен үш провайдердің байланысын пайдаландым, ештеңе көмектеспеді. Тағы бір рет жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан кешірім сұраймын" деп жазды Динара Сәдуақасова Facebook парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылар бұл мәселеге алаңдаушылығын білдіріп жатыр.

Пікір жазушылардың бірі "Кабельді интернет қолданған ба едіңіз?
Bagdat Mussin мынау назар аударатын мәселе!" деп  жазса, тағы бір оқырман интернеттің неге дұрыс емес екенін сұраған. Ал, қазақстандық шахматшы интернеттің жақсы еместігі туралы сауалдың "өте жақсы сұрақ" екенін айтқан.

Сонымен қатар, Динара Сәдуақасова  "бұл (нашар интернет) менің тәжірибем бойынша тексерілді + балалар арасындағы Қазақстанның онлайн чемпионаты кезінде де" деп жазды. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: интернет шахмат

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір