• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 15:42:41
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой сәуір айында  эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

– Осы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Сәуір айының 11 күнінде коронавирус инфекциясын 24 955 адам жұқтырғаны анықталды. Қауіпті індетті жұқтыру 3 есеге өскен. Тәулігіне 2 800-ге дейін науқас тіркеледі. Қостанай мен Түркістан облыстарын қоспағанда Қазақстанның барлық аймақтарында ауру өсімі байқалады, – деді министр.

Алексей Цой қауіпті инфекциядан өлім-жітім фактісі көбіне Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркеліп жатқанын атап өтті.

Қазір ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары "сары" аймақта.

Ал "жасыл" аймақта Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана тұр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір