12 Сәуір, 2021 NEWS
Фото: inbusiness.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров Шығыс Қазақстан облыстық судьяларының заңсыз әрекеттері туралы хабарлады.
– Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент Жоғарғы Сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және спирттік ішімдіктерді ішу фактілері бойынша облыстық төрт судьяға, оның ішінде Өскемен қаласының №2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізді, – деді ол.
Данияр Биғайдаров тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қалалық №2 сотының төрағасы Қасымов, судьялар Арғымберді, Қайролдина және Глубокое аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылғанын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір