• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 01:23:24
Алматы
+13°

Фото: Маңғыстау әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны Асыл Қаленов бес жылдан бері кондитер өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Кәсіпкердің шығарған тәттілері тек мұнайлылықтарға ғана емес, өзге өңір тұрғындарына да танылып үлгерген. Тәулігіне 250-300 келі кондитер өнімін шығаратын кәсіпкер тәттілерді Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен қаласына жібереді.

– Бес жыл бұрын осы кәсіпті бастаған едім. Алғашында ши бауырсақтарды сатылымға шығардық. Сұраныс жақсы болды. Қазір печенье, вафли, чак-чак сынды тәттілерді де пісіреміз. Қазіргі уақытта 8 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Барлығы осы Атамекен ауылының тұрғындары, – деді кәсіпкер.

Асыл Амантайұлы шығарған өнімнің барлығы табиғи таза өнімнен жасалады. Яғни, ешқандай бояуыштар мен химия жоқ. Бастысы ГМО-сыз өнім.

– Кәсібімді бастағанда цехты жалға алған едім. Былтыр «Нұр капитал» бағдарламасы аясында 30 млн теңге несие алып, оның 15 млн теңгесін жеке цех салуға жұмсадық. 15 млн теңгеге жаңа техника сатып алдық. Қазір цехтың құрылыс жұмысы аяқталды. Тек электр жүйесін қосу қалды. Осы жұмыс аяқталса жаңа цехқа қоныс аударамыз. Ол да қазіргі Атамекен ауылында орналасқан, – деді Асыл 

Фото: Маңғыстау әкімінің баспасөз қызметі

Кәсіпкер үшін қызметкерлерінің қолындағы дипломы маңызды емес. Жұмысқа ынтасы бар жандарды жанына жиған. Командасының біліктілігін арттыруды да ұмыт қалдырмаған. Қазіргі пандемия кезінде Ресей елінің, Алматы қаласының тәжірибелі технологтарынан онлайн шеберлігін арттырып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Маңғыстау кондитер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір