• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:34:43
Алматы
+35°

Мас күйінде жанжал шығарған ШҚО Мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов қызметтен босатылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің хабарламасында айтылды.

"Өңірлік мемлекеттік қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұсынысынан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық мәдениет басқармасының бастығы Мирас Жұмағұловты қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Тиісті бұйрық 2021 жылы 13 сәуірде шығарылды" делінген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің хабарламасында. 

Бұған дейін мәдениет басқармасының басшысы Өскемендегі караокелердің бірінде Анастасия есімді бойжеткенмен сөйлесіп, екеуі Жұмағұловтың үйіне баруға келіскені, алайда үйге кіреберісте бойжеткен ішкі кіруден бас тартып, Жұмағұловпен жанжалдасқаны хабарланған. Қорыққан бике полиция шақырмақ болғанда, Жұмағұлов оның телефонын тартып алған.

Болған жайтты көрген көршілер полиция шақырған. Полиция көшеде алкогольдік сусын ішкені, мас жағдайда қоғамдық орында жүргені үшін оқиғаның екі қатысушысына хаттама толтырған. 

Ratel.kz сайты Жұмағұловпен сөзге келіп қалған бойжеткен де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкері екенін хабарлаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір