• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 01:26:46
Алматы
+13°

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Бұл туралы Newsmakers.kz Telegram каналы хабарлады.

Нұрикамал Сейітжанқызы 1949 жылы 12 наурызда Ақмола облысы Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. 

Целиноград педагогикалық институтының филология факультетін (1972) орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша, КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1987) идеологиялық жұмыстың теориясы мен тәжірибесі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Ростовский" кеңшарында жұмысшы ретінде бастаған.

Торғай мәдениет басқармасының бастығы, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшысы, Көкшетеу қалалық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, Ақмола облысы Мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Ел арасында кең танылған "Нурикамал" әнінің кейіпкері.

Newsmakers.kz Telegram каналынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір