• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:55:05
Алматы
+12°

АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин

АҚШ президенті Джо Байденің Ресей президент Владимир Путинге телефон соғуы әлеуметтік желілер ғана емес, барлық БАҚ-тарды жарып жіберді деуге болады.

Сонымен... басынан бастайық. "Төрт жыл салыстырмалы түрде тыныштықтан кейін не болып қалды" деген сұрақ әркімнің-ақ ойында тұрғаны анық. Дұрысында тыныштық болған жоқ, тек Трамптың кезінде Ресей аз ғана үзіліс алды деген дұрысырақ.

Украинадағы майданның себептері мен салдары БАҚ-тарда аз жазылған жоқ, оған тоқталып жатпаймыз. Бастысы – Кремль Украинаны "қайда барсаң онда бар" деп бұйдасын түріп еркіне жібергісі жоқ, бұрынғы ТМД аумағын олар өздерінің жер иелігі деп есептейді, басқалармен одақтасуынан қызғанады. Яғни, де-юре тәуелсіздігін мойындағанмен де іштей тәуелсіз ел ретінде мойындағысы келмейді. Тіпті реті келіп жатса, бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіруден де кетәрі емес. Онда орыстарға жаман болған жоқ, өз тілдерін басып-жаншып күшпен енгізді, барлық жерде оларға "құрмет" көрсетілді, бар жылы-жұмсақ, жұмыс, пәтер, т.с.с. соларда болды.

Қазіргі оқиға да (Украина шекарасына РФ әскерін шоғырландыруы) сол 2014-2017 жылғы оқиғалардың жалғасы, тек одан көрі ставкасы жоғарырақ. Өйткені Украинаның Батысқа баяу болса да жылжуы тоқтаған жоқ. Зеленскийдің келуімен билік басына ресейшіл күштер топтаса түскенмен де, Байденнің келуі бұл қозғалысқа жаңа серпін берді. Бұл жерде де Путин ставканы көтергісі келеді. Сондағысы Байден мен Украинаны қорқытып жаңа сауда шартын ұсынбақшы. Мысалы біреулер кездесудің шарты ретінде алдымен олар Нордстрим-2 құрылысын аяқтауға мүмкіндік берсін дейді.

Енді осыдан Путин не ұтты? Біздіңше ештеңе де. Бұл Ресейге қарсы көңіл-күйді күшейтті. НАТО мен Украинаның арасын одан әрі жақындатты, әлемдік саясаткерлердің Украинаның орны НАТО-да екеніне көздерін жеткізе түсті.

Енді әйгілі телефон қоңырауына келейік. Саясаткер Рамис Юнустың пікірінше, бұл өте мықты жүріс болды. Өйткені осының алдында ғана Байден Путинді баскесер деп атады. Енді кешірім де сұрамастан, дым болмағандай, нейтраль жерде кездесейік деп отыр. Кремль тарапынан әзірге үн жоқ. Шындығында да не деп жауап береді? Келіссе, баскесер екенін мойындап, соның шартына көнгені, келіспесе тағы өзіне жаман. Негізі Байденмен кездескісі келіп жүрген Путиннің өзі ғой? Ол өзін АҚШ-пен тең дәрежедегі басшы ретінде көргісі келеді, соған ұмтылады, ядролық қаруы бар держава ретінде паритет болса дейді.

Қоңырау соғу әбден келісілген, алдын-ала әзірленген мықты дипломатиялық қадам сияқты. Оған себеп – Псакидің бүгінгі баспасөз мәслихаты. Онда ол АҚШ тарапынан Ресейдің мемлекеттік қарыздарына салынғалы жатқан санкция туралы айтты. Байқайсыз ба, бұл мәлімдеме Байденнің қоңырауынан кейін айтылып отыр. Егер Байден Путиннің бопсалауынан қорқып кеткен болса, ондай мәлімдеме жасалмас та еді. Өйткені мұндай санкция көпке шейін президент әкімшілігі үшін белгілі дәрежеде "қызыл сызық" болып келді, ешкім де бұған дейін белгілі бір шектен асқысы келген жоқ. Алайда Путин басқаларды қорқытуын қоймаған соң ақыры РФ экономикасын су түбіне біржолата батыруға шешім қабылданған сияқты. Мемлекеттік қарызға санкция салу соғыс жариялаумен бірдей деген еді кезінде Ресей. Ендеше олар "ең ақырында соғысуға да дайынбыз" дегені ғой. Ол үшін жоғары технологиялы АҚШ-қа әскер шығарып та қажеті жоқ – барлығын алыста отырып-ақ дистанциялы басқарып жұмысты бітіре береді. Сенбегендер "вагнерліктерден" сұрасын, 2018 жылы Дэйр-әз-Зор түбінде олар не болғанын түсінем дегенше АҚШ әскери әуе күштері түгелдей "әумин" қылған.

Ал қоңырау соғу деген, РФ БАҚ-тары шулап жатқандай, тіпті де бопсадан қорқып кеткендік емес. Қайта кепілдікке алынған елді терроршыдан құтқару ғана болмақ. Ол әлемдік практикада бар. Кепілдікке алынған адамды босату үшін полиция өкілі терроршымен келіссөз жүргізе бастайды. Мысалы, Ельцин де кезінде Басаевпен келіссөз жүргізген, Норд-Ост театрында да адамдарды құтқару үшін келіссөздер жүргізілген. Сондай-ақ Путин бүкіл елді, Украинаны басып алмақ болып қарумен қорқытып отырса, неге онымен сөйлеспеске? Ертең: "АҚШ барлық шараларын алмады, Путинмен сөйлесу керек еді ғой" демес үшін.

Қуаныш Еділхантегі

Шолушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір