Фото: «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясында мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерлерін біріктіруге ниетті.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша белгіленген квотаның арқасында барлық деңгейдегі мәслихаттарда «Nur Otan» партиясының жас депутаттарының саны 3 есеге – 7-ден 23%-ға дейін артқан. 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қабылданып, онда әлеуметтік лифт құру, жастардың бастамаларын іске асыру, жұмысқа орналастыру, білім беру сапасын арттыру сияқты және т. б. 100-ден астам нақты шаралар қамтылмақ.

– Корпус жұмысы аясында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әртүрлі санаттағы жастармен байланыс орнату маңызды. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеуге, барынша ашық әрі халыққа жақын болуға ден қою қажет. Сіздердің әрқайсыңыз – партияның сенім мандатына ие болған жас саясаткерсіздер. Партияның халыққа жақын болу, тұрғындармен «кері байланыс» орнату, қоғамдағы әр түрлі топтардың үніне құлақ асып, елмен тығыз, қоян-қолтық жұмыс істеу қағидаларын басшылыққа алу керек. Аталған тапсырмаларды сапалы және нәтижелі іске асыру үшін Жас депутаттар корпусына партия тарапынан барынша қолдау көрсетілетін болады, – деді жастармен өткен онлайн кездесу барысында партия хатшысы Әлібек Әлденей.

Партияның баспасөз қызметінде атап өткендей, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың 616 жас депутатының 427-сі немесе 69%-ы партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан партияішілік праймеризден өткендер.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Жас депутаттар корпусының басшысы болып парламент мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев сайланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір