• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:46:20
Алматы
+35°

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.

Бұл заң жобасы бюджет саясатының және бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану процесінің тиімділігін арттыру мақсатында бюджет шығыстарының қайтарымдылығын арттыруға бағытталған бюджет процесін реформалау көзделген.

Суретті түсірген: Ж.Құспанов 

Сонымен қатар,  күн тәртібінің жобасында инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы бар.

Аталған құжат ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуіне қатысты бірқатар заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәжіліс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір